СПУТНИК-V: Иммунитетті 2 жыл бойы қорғайды

170

Коронавирусқа қарсы «Спутник-Ви» вакцинасы иммунитетті екі жыл бойы қорғайды. Бұл туралы еліміздің бас санитар дәрігері мәлімдеді. Ерлан Қиясов сөзінше екпе қатерлі індеттен 100 пайыз сақтамауы мүмкін. Есесіне орташа және өте ауыр дерттің алдын алады дейді.

Ерлан ҚИЯСОВ, ҚР Бас санитар дәрегірі: «Кеше ғана әлемдегі жетекші медициналық ғылыми журналдардың бірі LanceEt коронавирустық инфекцияға қарсы Sputnik VI вакцинасының тиімділігі 92% құрады деп хабарлады. Сонымен қатар, «Спутник VI» -дан кейінгі иммунитет кем дегенде екі жыл сақталуы мүмкін екендігі дәлелденді».

Ал, екпе кері әсер етсе, жауапкершілікті өндірушіден бастап, емхана қызметкерлері қоса арқалайды. Осылай деген Е.Қиясов ақпанның аяғында ковид-19 бен коронавирус белгісі бар пневмония көрсеткішін біріктірмек. Бұған байланысты қазір медицина орталықтарында науқастарды қайта санау басталған.

Назерке Үкібасова