Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қаланың іргесіндегі шауа қожалықтарының жұмысымен танысты.

Осыдан екі жыл бұрын Австриядан 128 бас сүтті-етті бағыттағы асыл тұқымды сиырларды алып келіп, жұмысын бастаған фермер қысқа мерзімде ірі қара малдың басын 317 жеткізіпті. Шаруашылық  заманауи сауу қондырғысы инновациялық технологияларды кеңінен қолдануда. Бұдан бөлек, өнімдерді сақтайтын арнайы тоңазытқыштар да сатып алынған. Шаруашылыққа былтыр 15,4 млн. субсидия бөлініп, мемлекеттік қолдау көрсетілген.Фермер  әкімнен өнімдерін сататын шағын дүкен салуға қаржылай көмек сұрады.

Мұрат Әйтенов, Шымкент қаласының әкімі: «Таза сүткен сұраныс үнемі жоғары. Сүт, ет – тұрғындардың басты азығы. Қала халқын ауыл шаруашылық  өнімдерімен толығымен өзіміз қамтуымыз керек. Мемлекет қолдау жылдан-жылға артып келеді. Мүмкіндікті дүрыс пайдалану арқылы шаруа қожалықты үлкен өндріс кооперативіне айналдыруға болады. Бұл бағытта жұмыстарыңызды тоқтатпаңыздар».

Шынар Оразова