Әлемнің әдемілігі әйелде…

398

Шымкентте «Әлемнің әдемілігі әйелде» атты сазды-думанды қойылым сахналанды. Қалалық әзіл-ысқақ және сатира театры бүгінгі концертте әйел тақырыбына арналған түрлі шытырман оқиғаларды қамтыды. Сондай-ақ, театр әртістері аналарға арнап жанды дауыста ән шырқады.

Бүгінгі концерттің басты ерекшелігі осында. Кәсіби әнші болмаса да анаға арналған бар өлеңді жанды дауыста орындап жатыр. Карантинде үйде отырған әйелдер қауымын қуантуға бар күшімізді салдық деген идея авторы бұл қойылымға ерекше дайындалғанын жеткізді.

Уалибек Абдраимов, Шымкент қалалық әзіл-ысқақ және сатира театрының әртісі:
«Шағын ғана театрымыздың ішінде әйтеуір қысылып-қымтырылып, уақыт тауып, «бізге үлкен ғимарат керек еді, бізге демалатын жер керек еді» демей дайындап шығарған дүниеміз болды. Ал енді әйелдің психологиясын зерттеп түбіне тіпті әйелдің өздері де жетпейтін шығар деп мен ойлаймын. Өйткені бұл жылдан-жылға ой туғызғыш, жылдан – жылға идея тапқыш әйелдер. Тіпті үйдегі біз еркектерге ой айтып тұратын да әйелдер. Оны біз мойындауымыз керек. Сондықтан да әйелдің психологиясы, әйелдің философиясы, пәлсапасы ЖҰМБАҚ ДҮНИЯ».

Нәзік жандылар мәртебесін көтеруді көздеген әртістер көрермен көңілі үшін барын салуда. Халық та әртістерге дән риза.

Қарлығаш Берданова, көрермен: «Бүгінгі әзіл-ысқақ және сатира тетарына асыға күтіп, тағатсыздана келдік. Міне көңіліміздегідей шығып жатыр. Бәрімізде күшті көңіл күйде отырмыз. Ұнап жатыр бәрімізге».

Сазды думанды тамашалауға келген халықтың концертті сағынғаны байқалады. Әзіл-ысқақ және сатира театры бүгінгі қойылымды 6-шы наурыз күні 3 рет, ал 11-ші наурыз 2 рет көрермен назарына ұсынбақ.

     Мөлдір Ибадуллаева