Шымкент қаласы ТЖ департаментінің «101» басқару пультіне 2021 жылғы 1 наурызда сағат 22:52-де Абай ауданы, Темірлан тас жолы бойында орналасқан «Тұлпар-Шымкент» ЖШС аумағында өрт шыққаны туралы хабар келіп түскен.
Автобөлшектер базарының аумағында орналасқан жалпы көлемі 600 ш.м. қойманың ішінде көлемі 200 ш.м. автобөлшектер мен аксесуарлар жанған. Департаменттің күш және құралдары №1 шақыру бойынша жұмыс атқарды.
Өрт сағат 00:03-те оқшауланып, сағат 01:23-те өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖ департаментінің жеке құрамында 35 адам және 5 техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 1 бригадасы жұмылдырылды.