Мүмкіндігі шектеулі жандар жан-жаққа сабылмайды

84

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар өз мүгедектігін растау үшін жан-жаққа сабылмайды. Осылай деген еліміздің еңбек министрлігі цифрландыруды қолға алғандарын мәлімдеді.

Іске асырылатын бірнеше жоба нәтижесінде мұқтаж жандар тек медициналық мекемелерге жүгінетін болады. Ал, қалған құжаттар онлайн түрде беріледі екен. Еске салайық, өткен аптада ған өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде мемлекет басшысы мүгедектер мәселесін көтерген еді.

Ербол ОСПАНОВ, ҚР Халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік қорғау вице-министрі: «Атап айтқанда, азаматтардың мүгедектіктігін сырттай анықтау үшін, өтініш беруші тек қана медициналық мекемелерге жүгінетін болады, қалған процестер ақпараттық жүйелердің өзара интеграциялары арқылы адамның қатысуынсыз, өтінішсіз, жәрдемақыларды, әлеуметтік қызметтерді және оңалту техникалық құралдарын тағайындауға автоматты түрде мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде барлық қажетті ақпараттық жүйелерді интеграциялау жүргізілді, Денсаулық сақтау министрлігімен интеграцияны аяқтау ғана қалды, бұл жақын арада жасалатын болады».

Бұдан бөлек, жауаптылар, Ашық пилоттық жобасының да оң нәтиже бергенін айтады. Бұл бағдарлама кәсіпкерлерге арналған болатын. Яғни, аталмыш жоба кәсіп иелеріне келген клинеттердің коронавирус белгісі бар жоғын, не симптомдарын анықтайды. Ел бойынша бүгінде 700 мың кәсіпкер пандемиядан кейін жұмысын қайта бастаған болатын.

    Назерке Үкібасова