Қазақстан мен Иорданияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволары тәжірибе алмасты

98

 

Агенттіктің шетелдік серіктестерінің желісін кеңейту мақсатында Парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) басшылығымен және Иорданияның Қазақстандағы елшісі Юсуф Абдельганимен онлайн-кездесу өткізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның басшысы Алик Шпекбаев иорданиялық әріптестерін жұмыс нәтижелерімен және елімізде жүргізіліп жатқан кешенді реформалармен таныстырып, саяси жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ол сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге және алдын алуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың новеллаларына назар аударды.

Бұған дейін өз хатында комиссия төрағасы Муханнад Хиджази еліміздің жетістіктерін, халықаралық рейтингтерде айтарлықтай өсуді атап өтті. Өз кезегінде Елші Юсуф Абдельгани Қазақстанда тұрып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы жақсартулар мен елеулі жетістіктерге көз жеткізгенін атап өтті.

Иордания ведомствосының бас хатшысы Асам Тарауне сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың қалыптасу тарихы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның тарихы 2005 жылы БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын ратификациялаудан бастау алып, пара беру уәдесін/ұсынысын криминализациялау, ықпал ету саудасы және ақшаны жылыстату бөлігінде пысықталып жатқан бастамаларға дейін жалғасады.
Екі мемлекеттік органның қызметі, функциялары мен басымдықтары көбіне сәйкес келеді. Мысалы, Иорданияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық жоспарында көзделген жобалардың 70%-ы алдын алуға бағытталған.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою және тұрақты негізде өзара кеңестер ұйымдастыру туралы келісті.