Қазақстан суицид жасаудан көш бастаған 15 елдің қатарында. Осылай деп дабыл қаққан сенаторлар жастарға арнайы орталық ашу керек деді.
Психологиялық, медициналық көмек көрсететін кешен ажырасудың да алдын алады деген ниет бар. Айта кетейік, статистика бойынша еліміздегі жас жанұялардың 40 пайызы екі жаққа кетіп тынады екен.
Қазақстан сүт өндіруден көш соңында. Осылай деген сенаторлар елдегі ауыл шаруашылығына алаңдаулы. Сөздерінше, мемлекетіміз Еуразия эканомикалық одақ елдері арасында сиыр сүтін шығарудан кейінгі орында қалған. Мәселен, сүт бағытында қолдан ұрықтандыру Беларусияда 95 пайызға жетсе, Укринада 90, Ресейде 70, ал Өзбекстанда 55 пайызды құрапты. Қазақстан бұл көштен әлдеқайда кейін қалған. Біздің елде көрсеткіш небәрі 15 пайыз екен.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Қазақстанда сүт бағатындағы 2,7 млн. жуық сиыр бар. Ал, Беларусь Республикасында 1,5 млн бас. Яғни, 1,8 есе аз. Алайда, Беларусь ЕЭОЕ көпшілігіне сүт және сүт өнімдерін экспорттайды. Ал, біз болса, тіпті өз халқымызды толық қамтамасыз ете алмай отырмыз».
Қала берді жоғары палата өкілдері министрлерге халық алдында есеп беруге кеңес берді. Ақылбек Күрішбаевтің сөзінше, соңғы жылдары республикаға 153 мың бас асыл тұқымды мал әкелінген. Ол үшін тіпті 500 млн. ақш доллары да жұмсалыпты. Алайда, жеткізілген малдың қайсысы тірі, қайсысы өлі екені сол күйі белгісіз дейді сенатор.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Біздің қоғам осы импортталған малдың қаншасы бейімделе алғанын, қаншасы өлгенін жалпы жобаның алдына қойған мақсаттары қалай орындалғаны туралы нақты білмейді. Ал, оны халық білуге құқылы. Себебі аталған мал басы жеке инвестициялар есебінен ғана емес, салық төлеушілер ақшасына сатып алынған.»
Бұдан бөлек, депутаттар қазақстандық жастардың денсаулығы мен психологиясын қолдау қажет дейді. Ол үшін арнайы орталық ашуға ұсыныс жасаған халық қалаулылары сонда ажырасу азайып, бедеулер қатары кемитін еді дейді.
Айта кетейік, бүгінде отандық жас отбасылардың 40 пайызы екі жаққа кетіп тынады екен. Ал, оның негізі себептерінің бірі бедеулік. Осылай деген халық қалаулылары бар сұмдық мұнымен бітпейді дейді. Қазақстан әлі де суицидке құмар 15 елдің қатарынан кетпеген.
Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты: «Жас отбасылардың 20 пайызының ажырасуына бедеулік себеп. Бүгінде шаңырақ көтерген жанұялардың 40 пайызы екіге кетіп тынады. Қала берді, Қазақстан суицид жасауға бейім 15 елдің қатарында тұр. Сондықтан да елімізде психолгиялық және медициналық көмек көрсететін орталық керек».
Кезекті сенат отырысының соңында депутат кітапханашылар мәселесін көтерді. Нұртөре Жүсіптің сөзінше қазір бұл саладағы мамандардың алатын айлығы мардымсыз.
Назерке Үкібасова