Шымкентте 6 күнде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 13 жүргізуші жауапкершілікке тартылды

184

Шымкент қаласының Полиция департаментінің Патрулдік полиция полкінің қызметкерлері ағымдағы жылғы 15-21 наурыз аралығында рейдтік іс-шаралар өткізу барысында мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін 13 жүргізушіні ұстады.

Аталған жүргізушілерге қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Патрульдік полиция полкі қызметкерлері азаматтарға мас күйінде көлік жүргізгені үшін жауапкершілік туралы еске салып, автокөлік иелеріне жол жүру ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.