Шымкентте отбасылық бизнес дамып келеді

121

Бүгінде елімізде еңбек етіп, кәсіп ашам деушілерге мүмкіндік мол. Шағын және орта бизнес бастау үшін 6 пайыздық субсидия, жеңілдетілген несие алуға «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры көмектесіп келеді. Аталған қордан қолдау алған кәсіпкер Әлия Әмірбекова «Vanil» кондитерлік цехын ашып, отбасымен бірге дамытып келеді.

Қай күні барсаң да дүкендері тәтті сатып алуға келген тұтынушыларға толы.
«Vanil» кондитерлік үйі — 2012 жылы құрылған отбасылық кондитерлік мекеме. Әлия Әмірбекова — Шымкент қаласында кондитерлік дүкен ашу жөнінде идея көтеріп, оны жүзеге асырған азаматшаның бірі. Бүгінде мегаполистің аспаз бен кондитерлер гильдиясының мүшесі болып табылады.

Әлия – сүйікті ісін дамыту үшін Испания, Франция, Ресей және Украинаның үздік кондитерлік мектептерінде білім алған.

«Азық-түлік өнеркәсібінде бизнес бастау оңай болмады. Бастапқы капитал, жұмыс күші, өткізетін жер, сәйкестік сертификаты, рұқсат қағаздары керек еді. Біз қиындықтарды жеңдік, тәжірибе жинадық. «Даму» Қорының көмегімен өз ғимаратымызды сатып алдық. Қазір күнделікті жеуге арналған жеңіл тоқбасарлармен қатар, кез келген күрделі авторлық дизайны өнімдерді шығаратын өз кондитерлік үйіміз бар», — дейді Әлия Әмірбекова.

«Vanil» кондитерлік үйі өз клиенттеріне кез-келген мерекеге орай, өзінің тәттілерімен және десерттерімен әсемдеуге дайын! Көрсетілген телефон нөміріне хабарласып+7 (7252) 20 05 34, +7 (702) 930 66 60 толығырақ ақпарат алуыңызға болады.