Úı ANONS Жаңа Конституция — қоғам дамуының негізі

Жаңа Конституция — қоғам дамуының негізі

Жаңа Конституциялық реформалар қоғамда кеңінен талқыланып жатыр.  Бұл жолы қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек  жоғары оқу орындарында студент, оқытушылармен кездесті. Мақсат, жастардың конституциялық реформаларға қатысты көзқарасын қалыптастыру және құқықтық сауаттылығын арттыру. Сонымен қатар, құжатқа енгізілген өзгерістердің маңыздылығын түсіндіріп, жастар арасында кеңінен наасихаттау.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған. Құжатта адам құқығын қорғау басты құндылық ретінде айқындалып, сот жүйесінің әділдігі мен заң үстемдігін күшейтуге басымдық берілген.

Конституциялық реформалар халықтың билікке деген сенімін арттырып, қоғамдық пікірдің ескерілуіне кең мүмкіндік береді. Осыған орай, университет қабырғасында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек студент, оқытушылармен кездесіп, бағдарламаға енгізілген өзгерістерді егжей-тегжейлі талқылады. Оның айтуынша, бұл жаңа жоба, халықтың үнін билікке жақындатуға бағытталған.

СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК6 ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: «Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауы кезінде парламенттік реформа туралы бастама көтерген болатын. Оның себебі, дамыған, күнделікті өзгеріп жатқан заманда заң қабылдау процесін жылдамдату, оңтайландыру мәселесі болатын. Осыған орай, ол кісі  көптенген унитарлық мемлекеттерде парламенттің бір ғана палатадан тұратынын айтқан болатын».

Талқылау барысында жиынға қатысушылар Конституцияға енгізілген өзгерістердің маңызына тоқталды. Сонымен қатар, қатысушылар жаңа нормалардың елдің демократиялық дамуына ықпалы жөнінде өз ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға және заңға деген құрметін күшейтуге бағытталған. Бұл біз үшін танымды кездесу болды дейді жастар.

САНДУҒАШ ӘБДІҚАДЫР, СТУДЕНТ: «Мен жаңа конституциямен танысып шықтым. Менің ойымша өте жақсы деп ойлаймын. Себебі, ққазіргі таңда қоғам күннен-күнге дамып жатыр. Технологиялар, жасанды интелектті айтсақ болады.  Технологиялық эволюциялар шығып жатыр. Ең басты қоғам өзгеріп жатыр. Соған байланысты жаңа Конституцияның қабылданғаны дұрыс деп ойлаймын».

Жиын барысында сөз алған заңң ғылымдарының докторы Айсана Сман жаңа конституцияны шетелдік тәжірибемен салыстырып, өзгерістерге толығырақ тоқталды. Оның айтуынша бұл құжат өзгеруге тиісті деп отыр.

АЙСАНА СМАН, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ: «Конституция өзгерсе,  онда осы қоғамдағы маңызды қарым-қатынасты реттейтін Конституциялық нормалар. Конституциялық нормалар бекітілген соң, заңнаамада өзгереді. Жаңарады. Дамитын жолға түседі. Сол үшін Конституциялық реформа маңызды. Заңгерр ретінде маман ретінде осылай айтуға тиістімін».

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, оларды ел болашағына бейжай қарамауға үгіттейді.  Айта кетейік, дәл осындай кездесу, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының қабырғасында өтті.

Нұргүл Жолымбетова