Шымкентте тәулік ішінде COVID-19 ауруының 52 жағдайы тіркелді

154

 

Шымкент қаласында 3 наурыз күні COVID-19 ауруының 52 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 42 симптомды, 10 симптомсыз жағдай. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып жатыр.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде. Өткен тәулікте инфекция жұқтырған науқастар саны күрт өсіп отыр. Сондықтан медицина мамандары сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.

Айта кетейік, Шымкент қаласында бүгінге дейін Сovid-19 жұқтырудың 6235 жағдайы тіркелді. Инфекциядан сауығып шыққандардың саны- 5577.

 

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі