Түркістан қаласына SAZ LЕ-60 маркалы 20 жаңа қоғамдық көлік әкелінді

333

 

Түркістан қаласына SAZ LЕ-60 маркалы 20 жаңа қоғамдық көлік әкелінді. Екі есікті автобус ішінде 25 жолаушы орындығы, желдеткіш, арнайы қажеттілігі бар жандардың арбасына арналған арнайы орын (пандус), электронды билет беру құрылғысы, үш бейнебақылау құрылғысы сонымен қатар автобустардың жүру бағытын білуге арналған GPS құрылғысы орнатылған.

Жоспар бойынша аталған көлік қатары ай соңына дейін тағы 10 автобуспен толықтырылып, сұранысқа қарай саны артады деп жоспарлануда. Айта кетейік, «ТехПрофАвто» ЖШС тапсырысымен әкелінген қоғамдық көліктер «Самарқанд» автомобиль зауытынан жеткізілген.