Зағип жандарға вокал сабағын тегін үйретті

282

Зағип жандарға 5 ай бойы вокал үйірмесін тегін өткізді. Шымкенттік әнші, «X-factor 2015» тележобасының жеңімпазы Астана Қарғабай мүмкіндігі шектеулі 16 азаматқа арнайы вокал сабағын ақысыз үйретті.

 

Бүгінгі шара сол дәрісте белсенділік танытқан ерекше жандардың есеп беру концерті өтті. Идея авторы осылайша ерекше талант иелерінің қабілетін шыңдап, өмірге деген құштарлығын арттыруға ықпал етуге себепші болғым келді дейді.


Астана ҚАРҒАБАЙ, әнші:
«Мүмкіндігі шектеулі Шымкент қаласының азаматтарына вокалдан сабақ беріп өттім. Сол сабақтың нәтижесі, өнерлерінің өрлегенінің нәтижесі ретінде осы концерттік бағдарламаны жалпы Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына көрсеткіміз келді. Осындай бізде керемет өнерлі жан-жақты азаматтарымыз барын көрсеткіміз келді. Және де бұл кісілер халықтың алдында өздерін еркін сезінуіне мүмкіндік болады».

«Шексіз әлем» концертінде 11 қатысушы эстрада әншілерімен бірге дуэт орындады. Ерекше жандардың өнерін қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан арнайы тамашалады.

Мөлдір Ибадуллаева