Жалған ақпарат…

202

Қайтарымсыз мемлекеттік грантқа (583 400 тг-200 АЕК ) құжат тапсыру мерзімі наурыз айының 10-шы жұлдызында белгілі болатынын және кез келген ресми ақпарат қалалық Жұмыспен қамту орталығының Instagram-дағы @zhumispen.kamtu, Facebook желісіндегі «Шымкент жұмыспен қамту орталығы» және қала әкімдігінің ресми парақшаларынан алдын ала жариялатындығын хабарлаймыз.

Ал, Whats App, әлеуметтік желілерде таратылған 10 наурызда құжат тапсыру басталатындығы туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жалған ақпараттарға сенбеулеріңізді және тек ресми ақпарат көздеріне сенім артуды сұраймыз!