«ASHYQ» Шымкентте: Қосымшасының пайдасы неде?

282

26 сәуірден бастап шымкенттік кәсіпкерлер «Ашық» қосымшасымен жұмыс істейді. Бұл туралы қаланың жауаптылары мәлімдеді. Енді қоғамдық орындардағы санитарлық тексеріс күшейіп, індет жұқтырған не науқаспен байланыста болғандар көпшілік орынға кіре алмайды. Айта кетейік, ұялы телефондағы бұл қосымшаны кез келген тұрғын өткізіп, осы арқылы түрлі әлеуметтік объектілерге кіре алады.

Енді «Ашық» қосымшасы Шымкентте. 26 сәуірден бастап қаладағы кей кәсіпорындар осы бағдарлама арқылы жұмыс істей бастайды. Бұл туралы қаланың жауаптылары мәлімдеді. Сөздерінше, осы арқылы өзге тұрғындарды қатерлі індеттен қорғауға болады. Айта кетейік, пилоттық жоба бүгінде Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Көкшетеу, Ақтөбе, Тараз және Талдықорған облыстарында қолданысқа енген.

Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры: «Ашық» жобасының ең басты мақсаты қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жұқтырған азаматтарды немесе контактта болған азаматтарды дер кезінде анықтап, оларды шағын және орта бизнес орындарына, магазин сауда-саттық орындары болсын, адамдардың көп шоғырланатын жерлерден оларды ажырату».

«Ашық» пилоттық жобасы кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Осылай деген мамандар Шымкентте режимді алдымен фитнес клубтары мен спа салондары қолға алатынын айтады. Осыдан кейін ғана кинотеатрлар ашықпен жұмыс істейді. Айта кетейік, қызыл аймаққа енгеніне байланысты қаламызда кино орталықтары жабылған. Енді олар бұл режимге сары аймаққа өткен соң ғана көшеді.

Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры: «Бірінші кезеңдерде біз пилотты режимде бірнеше салаларды іске асыратын боламыз. Бұл компьютерлік клубтар, фитнес, СПА. Тағы сол сияқты келесі этапқа кіргендер кинотеатрлар үшінші этапта. Төртінші этапта басқа қызмет салалары. Оның ішінде қоғамдық тамақтану, фудкорд. Және ақырғы этапында банкеттік залдар, караоке, ойын-сауық орындарының бәрі орналасқан болатын».

«Ашық» қосымшасына тіркелген әр кәсіпкер өз кьюар кодтарын ғимарат есігіне іліп қояды. Ал тұтынушылар ұялы телефондағы қосымшаны қою арқылы ішке кіре алады. Айта кетейік, пилоттық режимге 4 түс белгіленген. Олар қызыл, сары, көк және жасыл. Егер қызыл түс шықса, азамат нысанға кіре алмайды. Себебі бұл адамның вирус жұқтырған жанмен байланыста болғанын көрсетеді.

Нұрлан ҚАБЫШТАЕВ, Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры: «Келушілер де өз смартфондарына жүктейтін болады бұл қосымшаны. Келіп, бір мекемге немесе магазинге, басқа да ойын-сауық орталығына кіретін кезде кьюар кодты сканерлейді. Сканерлеген кезде оның статусын көрсетеді».

Айта кетейік, бизнес иелері кюар кодты инфоқазақстан. кз сайтына өтініш беру арқылы алады.