Биыл 153 шақырым топырақ көшелерге шағал тас төселеді

30

Шымкентте қала аумағындағы ішкі орам және шалғайдағы елдімекен көшелеріне зерделеу жұмыстары жүргізілген. Топырақ жабындысы бар 172 шақырым көше анықталды.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының мәліметінше, биыл 153 шақырым топырақ көшелерге тас төсеу үшін 600,0 млн теңге бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы ұйымдастырылып, жеңімпаз мекемемен келісімшарт түзілді. Жөндеу жұмыстарын шілде айында аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, инженерлік коммуникация құрылысынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді. Соның салдарынан шағал тас жабындысы бар 180,1 шақырым көшелердің техникалық жағдайы нашарлап, қайтадан тас төсеу жұмыстарын жүргізуді қажет етуде. Бұл жұмыстарға бюджеттен орта есеппен 800,0 млн. теңгедей қаржы қажет.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі