Болашақ аналарға ХҚО арқылы декреттік төлемдерді қалай рәсімдеуге болады?

81

 

Әйел адам үшін ана болудан асқан бақыт жоқ шығар. Босанар алдындағы машақаттардан бөлек, мемлекет төлемдерін рәсімдеу жағын да ойластыру керек.

Пайдалы ақпаратпен бөлісе отырып, біз өмірлеріңізді жеңілдетпекпіз.
Кірісінен айырылу жағдайындағы төленетін әлеуметтік төлем болашақ ананың жұмысқа жарамсыз күндерін, орташа айлық кірісін және зейнетақы төлемінің тиісті көлемін ала отырып есептеледі.

«Жүкті болу және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдер тағайындау» мемлекеттік қызметті рәсімдеуге ХҚО-ға келесі құжаттар қажет:
– Жеке басын куәландыратын құжат;
– Банк шоты жайлы мәлімет;
– Жұмысқа жарамсыздық парағы;
– Егер болашақ ана жеке кәсіпкер болса, кәсіптің мемлекетік тіркеуі туралы куәліктің көшірмесі.
Құжаттарды тіркелген мекенжайына қарасты ХҚО-ға, еңбекке жарамсыздық парағын алған сәттен бастап 1 жыл ішінде өткізуге болады.
Құжаттар толық тапсырылған соң 8 жұмыс күні ішінде төлемдердің тағайындалғаны жайлы SMS-хабарлама келеді.

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО-ры арқылы жүктілігі мен босануына байланысты 4 мыңнан астам әлеуметтік төлем тағайындалды.

Естеріңізге сала кетейік, жүктілігі мен босануына байланысты төлемдерді eGov.kz порталы арқылы рәсімдеуге болады. Мобильді азаматтар базасында тіркелген аналар үшін баланың тууын тіркеуге, жәрдемақы тағайындауға және баланы балабақшаға кезекке қоюға мүмкіндік беретін проактивті қызмет қарастырылған.