Дәрі-дәрмек қоры үшін 659 млн. теңге бөлінбек

132

Коронавируспен күрес үшін бюджеттен дәрі-дәрмекке 659 млн. теңге бөлінбек. Өткен жылы бұл сомма 180 млн. теңгені құраған болатын. Осылайша қала әкімдігі дәріханадағы препараттар бағасын 20-30 пайызға түсіруге ниетті.

Үшінші мегаполистегі дәрілік заттар қорын бақылап шыққан Мұрат Әйтенов жағдайдың қалыпты екеніне көз жеткізді.

Айта кетейік, қазір қаладағы дәріханаларда 4 млн. 144 мың дана препарат бар. Ал, медициналық ұйымдарда 900 мың теңгелік дәрі қоры бар. Және 2 млн. медициналық бетперде, 1 млн. медициналық қолғап дайын тұр екен.

Назерке Үкібасова