Интернет арқылы ақшасын заңсыз аударып алған

116

 

2021 жылдың 29 наурызында Қаратау аудандық полиция басқармасына Шымкент қаласының 63 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға оның «Halyk bank» есеп-шотынан интернет желісі арқылы 295.000 теңге ақшасын заңсыз аударым жасап шешіп алғанын көрсеткен.

Қаратау аудандық полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 31 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.