Көк бұлақ ауылында алтын кені табылды ма?

596

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен БАҚ өкілдері!

Әлеуметтік желіде Бадам станциясына баратын жолындағы Көк-бұлақ ауылында алтын табылып, онда қазба жұмыстары жүргізіліп, алтынды алып кетіп жатқаны бойынша дүрлікпе аудио хабарлама тарап жатыр. Бұл ақпарат толығымен шындыққа жанаспайды. Сондай-ақ, жарияланған жазба бойынша тиісті шара қолдану үшін жауапты сала мамандарына беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР заңнамасында қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Азаматтарды тек ресми хабарламаларға сенуге және шындыққа сәйкес келмейтін қауесеттер мен ақпаратты таратпауға шақырамыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі