Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған әйелдерге қанша уақыттан кейін бала көтеруге болады? Бұл сұраққа бүгін қаланың бас дәрігері жауап берді.
Бақытжан Позилов тұмау жұқтырғандарға де екпе салу ережесін түсіндірді. Айта кетейік, «қызыл» аймақта тұрған Шымкентте қатерлі індет қайта өршіп барады. Күні кеше қауіпті індеттен тағы екі шымкенттік қайтыс болды.
«Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін әйелдерге бала көтеруге болмайды». Ел арасында жүрген бұл сыбысқа бүгін Шымкенттің бас дәрігері жауап берді. Бақытжан Позиловтың сөзінше қатерлі індетке қарсы екпе қабылдағаннан кейін жүкті болудың еш қаупі жоқ. Және вакцинаның алғашқы компонентін салдырғаннан соң тұмау жұқтырса да, екінші компонентті қабылдау керек дейді ол.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Вакцина салдырғаннан кейін бала көтеруге болмайды». Басқа да олардың барлығы жалған ақпарат. Орысша айтқанда миф. Ешқандай да қорқудың қажеті жоқ. Қайталап айтайын, бұл вакцинаны үлкен ғылыми институт ойлап тапқан. Үлкен ғалымдар айналысқан. Үш рет клиникалық тексеруден өткен».
Осылай деген денсаулық сақтау басқармасының басшысы екпе қабылдайтын күні түрлі дәрі-дәрмек ішуден аулақ болу керек дейді. Айта кетейік, коронавирус жұқтырған жандар тек жарты жылдан соң вакцина қабылдай алады.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Бірінші компонетті салғаннан кейін міндетті түрде 21 күннен кейін 7 күннің ішінде екінші компонентті салу керек. Сонда цикл бітеді. Вакцинамен бірге привывканы да салдыруға болады. Бір күнде салуға болмайды. Өз жоспары бойынша салынады».
Шымкентте эпидемиологиялық ахуал әлі де күрделі. Күні кеше індет тағы 80 тұрғыннан табылған. Өкіншке қарай, тағы екі науқас қауіпті індеттен қайтыс болды. Осылайша квиден көз жұмғандар саны жыл басынан бері 25-ке жетті.
Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасының басшысы: «Әлі күнге дейін біздің халқымыз, тұрғындарымыз коронавирустың бар екеніне сенбеушілік білдіреді. Вакцинаға сенбеушілік білдіреді. Екіншіден той-домалақтарға барып жүр. Ешқандай карантиндік режимді сақтамайды. Осының кесірінен қазір ковид жұқтырғандар көбейіп отыр. Өлім-жітім де көбейіп отыр».
Дегенмен шаһарда бүгінде вакцина салдырып жатқан шымкенттіктер қатары артып келеді. Осылай деген денсаулық сақтау басқармасының басшысы қалада қазіргі таңда 4000 вакцина барын айтады. Ал, жұма күні тағы 10600 екпе дозасы жеткізілмек.