Úı Jańalyqtar Н.Назарбаев даңғылындағы көше жарықтары қосылды

Н.Назарбаев даңғылындағы көше жарықтары қосылды

Н.Назарбаев даңғылы мен Ж.Шаяхметов көшесінен Қ.Патеев көшесі аралығындағы түнгі жарық шамдар іске қосылды.

Аталған көшелерді жарықтандыру жұмыстары «ABM Building» ЖШС-і тарапынан атқарылып, 2 шақырым көшеге 63 жарықтандыру бағаналары орнатылды. Бүгінде жұмыстар толығымен аяқталды.

Қазіргі уақытта қаладағы көше жарық шамдары кешкі 20:20-да қосылып, таңғы 6:30-да өшіріледі.

Егер, көше шамдарында қандай да бір мәселе туындаса төмендегі диспетчерлік қызметке хабарласуды сұраймыз: 8 (7252)- 45 –04-80
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі