Қала әкімі Тассай индустриалдық аймақтағы кәсіпорындарда болды

112

Шаһар басшысы Мүрат Әйтенов қаланың іргесінде орналасқан Тассай индустриалдық аймақта болып, онда іске қосылған кәсіпорындардың жұмысымен танысып қайтты.

Тәттілер шығаратын өндіріс орны заманауи құрылғылармен жабдықталған. Еңбек қауіпсіздігі мұнда басты назарда. Қала әкімі өнімдерді дайындауда отандық тауарөндірушілерінің шикізаттарын қолдануға шақырды. Сонымен қатар, индустриалдық аймақтағы бүгінде нарықта сұранысқа ие генераторлардың өндірісі барысымен танысқан шаһар басшысы кәсіпкерлерге өнімнің сапасына аса көңіл бөлу жөнінде тапсырма берді.

Шынар Оразова