Шымкент қаласындағы қан орталығына «ПетроҚазақстан» және «Отаумед» компаниясы дәрілік заттарды сақтауға арналған жабдықтар тарту етті.
Компания басшылары орталыққа қажет құрылғыларды арнайы шетелден тапсырыспен алдырған.
Медициналық мекемеге тарту етілген тоңазытқыш жабдықтары вакцинаны сақтауға арналған.
Орталық бас дәрігері Ергешбеков Амангелді ұжым атынан «ПетроҚазақстан» және «Отаумед» компаниясына алғысын білдірді.
Айта кетейік, қалаға жеткізілетін ковидке қарсы вакциналар тікелей әуежайдан қан орталығына жеткізіледі. Кейін қан орталығынан егу пунктеріне таратылады.