Шымкентте көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне қауіпсіздік құрылғылары орнатылды

149

Балалардың қауіпсіздігі басты назарда. Бүгін Шымкентте төтеншеліктер қаладағы көпбалалы отбасылардың пәтерлеріне құрылғылар орнатты.

Жоғары қабатта орналасқан баспаналардың терезесіне қойылған бұл құралдар балалардың жоғарыдан құлап кетпеуін қамтамасыз етеді. Кілттелетін құрылғылар 5-6 сантиметрге дейін ашылады. Құзырлылар ата-аналарға оны пайдалануды түсіндіріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

Ұлтуған Алпысбаева, тұрғын: «Үйде болмай қалатын кездер болады. Сол кезде балаларды уайымдаймыз. Қауіпсіздік құрылғысы балалардың жоғарыдан құлап кетпеуін алдын алады…».

Айта кетейік, былтырғы жылы қалада екі бала тұрғын үйлерлерде қауіпсіздік шаралары сақталуы себебінен жоғары қабаттан құлаған болатын. Биыл мұндай жағдай тіркелмеді дейді құзырлылар. Әкімдік өкілдері мен төтеншеліктер жылыту маусымында орын алатын жайсыз жәйттерді естен шығармады. Халықпен кездесіп, сақтық шараларын ескертті.

Мақпал Рысбаева