Қоқыс тастаған, ағаш кескен тұрғындарға 3 млн. теңге көлемінде айыппұл салынған

89

Әл-Фараби ауданы аумағында тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған 192 контейнер алаңшасы және онда 749 қоқыс контейнері бар. Қоқыстар жеке секторларда кестеге сәйкес тәулігіне 1 рет, кей жерлерде (халық тығыз шоғырланған орталық аумақтарда) 2 реттен тазартады.

Сондай-ақ, тозығы жеткен қоқыс контейнерлерін жаңарту мақсатында орталық аумақтағы 400 дана қоқыс контейнері ауыстырылды.

Одан өзге, аудан әкімдігі мен тәртіп сақшылары аудан тазалығын бақылауда ұстауда. Жыл басынан бері құм-тас, құрылыс қалдықтары мен ұсақ қоқыс тастаған, заңсыз ағаш кесу бойынша 396 әкімшілік хаттама толтырылып, 3 млн 127 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз