Шымкент: Өткен тәулікте КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді

44

І
Қаламызда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылау ұдайы назарда. 22 мобильдік топ мониторинг жұмыстарын атқаруда.

Өткен тәулікте 339 нысанға (320 кәсіпкерлік нысан, 19 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.

Сонымен қатар, 8 сәуір күні КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді: белгілері бар – 50, белгілері жоқ – 22. 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 54 адам үй бақылауына алынған.

Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1010 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 490, «Атамекен» клиникасы – 450, Орынбай ГБОО – 70 орын). Төсек-орын толымдығы – 25 %, 750 төсек-орын бос.

Инфекциялық стационарда 260 науқас емделуде (КВИ-153, пневмония- 99, ЖРВИ- 8), жан сақтау бөлімінде – 10 (5 ИВЛ, 5 НИВЛ). Жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) саны – 327 563.

Қала тұрғындарын өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, санитарлық талаптарды орындауға шақырамыз.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі