Шымкентте коронавируспен ауырып жатқандардың көбісі жастар

137

Шымкентте коронавируспен ауырып, жансақтау бөлімінде жатқандардың басым бөлігі жастар. Осылай деген қаланың бас дәрігері Бақытжан Позилов тұрғындарға видео үндеу жолдады.

Сөзінше, реанимацияда өте ауыр жағдайда жатқан 25,30 және 40 жастағы науқастардың саны көп. Қаладағы инфекциялық емханаларда 365 науқас емделіп жатыр. Олар емханалардың 36 пайыз толымдылығын қамтып отыр. Науқастардың 20-сы КВИ, 15-і жедел респираторлы вирусты инфекция және 130-ы пневмония.

Басқарма басшысы вакцинация қауіпті жұқпалы аурудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі екенін айтады. Екпе аурудың және ықтимал ауыр асқынулардың алдын алады дейді. Қазіргі таңда үшінші мегеполисте 40 мемлекеттік және жеке меншік емханада вакцина егу пункті жұмыс істейді. Оның кез-келгеніне барып, екпені тегін салдыруға болады.

Бақытжан ПОЗИЛОВ, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:  «Қазір мен қалалық инфекциялық орталықтамын «Асар» мөлтекауданында. Мұнда коронавируспен ауыратын науқастар жатады. Реанимация бөлімшесінде өте көп науқастар. Көп науқастар жастар 40, 30 жасар, 25 жастағы науқастар өте ауыр жағдайда жатыр. Барлықтарыңызды өмірлеріңді қауіп-қатерге тікпей коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырамын».

Олжас Айдарбек