Шымкентте «Жақсылық» челленджі басталды

70

Шымкентте «Жақсылық» челленджі басталды. Қасиетті Рамазан айының бірінші күнінде мұқтаж отбасыларға азық-түлік толы қораптар таратылды. Бүгінгі қайырымды істі Шымкент қаласы әкімдігі бастап отыр. Осылайша билік өкілдері қаланың барлық кәсіпкерлерін жақсылық челленджіне қосылуға шақырады.

Үшінші мегаполис Рамазан айының алғашқы күнін қайырымды іспен бастады. Мынадай азық-түлік қораптары тізім бойынша мұқтаж жандарға таратылуда. Дін өкілдерінің айтуынша, бұл көмек жергілікті билік өкілдерінің атсалысуымен іске асып отыр. Осылайша жергілікті әкімдік өзгелерге жақсылық челленджін бастап берді. Қайырымды іс шаһарда орналасқан алты мешітте жүзеге асырылуда.

Мұхаммеджан ЕСТЕМІРОВ, Шымкент қаласының наиб имамы: «Бүгін 1000 қорап беріп жатырмыз. 1000 отбасыға осындай таратуды жоспарлап отырмыз. Ерікті топтар бар. Пандемияға байланысты көбі мешітке келмейді. Бізде тізім бар, сол бойынша еріктілер апарып береді. Осылай күнде жалғасады, Құдай қаласа. Қалада 6 нүктеміз бар, сол жерлерде осындай өнімдер таратылатын болады».

Мешітке келе алмаған жандарға Рамазан қоржыны тізім бойынша үйлеріне жеткізіліп беріледі. Бұл игі іске кез келген адам көмек қолын соза алады

Бақдаулет АБДРАХМАНОВ,  Шымкент қаласының бас имамы: «Біз Шымкент әкімдігімен бірлесіп, тізімінде тұрғандарға осындай азық-түлік қораптарын таратудамыз. Рамазан қожындарында азық-түліктер бар. Осымен ауыздарыңызды ашыңыздар. Қабыл болсын».

Тізімді әкімдік түзген. Алайда, дін өкілдері тізімде жоқ, бірақ мұқтаж жандар болса оларға да Рамазан қоржыны берлетінін айтты. Қаланың бас имамы барлық кәсіпкерлерді акцияға қосылып, қасиетті айда жерлестеріне көмек көрсетуге шақырды.

Олжас Айдарбек