Шымкенттегі эвакопункттер мекенжайы «2ГИС» қосымшасына енгізілді

157

Шымкентте төтенше жағдай орын ала қалған жағдайда халықты қабылдауға дайын эвакуациялық пунктер мекен-жайы «2ГИС» қосымшасына енгізілді. Қалалық төтеншеліктер бұл қала тұрғындары мен қонақтарына ыңғайлы болуы үшін жасалынды дейді.

Бүгін сала жауаптылары жұмысты пысықтау мақсатында №10-шы эвакуациялық жинау пунктінде оқу-жаттығу өткізді өтті.

Шымкент қалалық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері «2ГИС» Шымкент филиалымен бірлесіп қаладағы эвакуациялық жиналу пунктерін орналастыру және белгілеу мәселелерін пысықтады. Тұрғындар мен қонақтар мобильді қосымшаның электронды іздеу жүйесі арқылы енді эвакопунктердің орналасқан жақын жерін анықтай алады. Мұның негізгі мақсаты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде халықты ақпараттандыру.

Мадияр ЖАҚСЫБАЕВ, Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
«2гис қосымшасының ішінде қала аумағында 129 эжп енгізген. Мұндағы мақсатымыз-  қала тұрғындары мен қала қонақтары келген кезде міндетті түрде қосымша арқылы біле алады. Құдай сақтасы,н бірақ болуы мүмкін ғой. Табиғи және техногенді төтенше жағдай орын алған кезде дер кезінде шұғыл түрде осы қала аумағындағы эвакуациялық жиналу пунктеріне дер кезінде жеткізілуі қамтамасыз етіледі».

Сондай-ақ, бүгін сала мамандары төтенше жағдай бола қалған жағдайда эвакуациялауға қаншалықты дайын екендіктерін пысықтау мақсатында оқу жаттығу жұмыстарын өткізді. Мамандардың сөзінше, олар 2-3 сағаттың ішінде халықты эвакуациялауға әзір. Оны бүгін тәжірибе жүзінде дәлелдеді.

Жанар НЫСАНБАЕВА, Шымкент қалалық ТЖД эвакуациялық жиналу пунктінің басшысы
«Апатты, төтенше жағдай бола қалғанның өзінде бірінші кезекте материалдық жағдай қарастырылуы керек. Біз қазір міне коммендант бөлмесіне кіріп шықтық. Оған қазіргі таңда қандай жабдықтар қажет. Оның тізбесі бәрі жасалынады. Енді келіп жатқан халықтың легіне қарай тағы да қажет болатын болса, жергілікті атқарушы органдарға тағы да сұраныспен шығып, қажеттілерін беріп отырамыз».

Бүгінгі эвакуациялау орнында халыққа қызмет көрсететін жалпы 11 бөлім бар. Олар медициналық, ана мен бала, анықтамалық бөлімдері мен эшелон құру, психологиялық көмек көрсету, жаяу жүргіншілер легін құру, қоғамдық тәртіп сақтау топтары, тіркеу бөлімі, көлікпен қамтамасыз ету тобы, информатор және коммендат бөлімдері. Бұлардың ішіндегі ең маңыздысы саналатын медициналық пункте де барлық қажетті дәрі-дәрмек қоры жеткілікті екен.

Гүлмира АЛХАРОВА, №10 эвакуациялық жиналу пунктінің медициналық бөлім меңгерушісі: «Бізде дәрі-дәрмектен бәрі жеткілікті. Зардап шеккендердің барлығына осы жерде алғашқы көмекті көрсетеміз. Алғашқы көмек көрсеткен кезде бізде хирургиялық және терапиялық бөлімдеріне бөліп алып олар сараптап егер біздің күшіміз жетпеген жағдайда жақын маңдағы ауруханаларға жібереміз».

Мөлдір Ибадуллаева