Жыл басынан бері шымкенттік ХҚО-ларда 300 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олардың 80%-дан астамы алдын ала брондау арқылы қамтамасыз етілген.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шымкент филиалының ресми өкілі Алтынай Татаеваның айтуынша, кезекті брондаудың 4 әдісі бар: Egov.kz порталы, eGovKzBot2.0 боты, 1414 бірыңғай байланыс орталығы және egovmobile қосымшасы арқылы.

Сонымен осы 4 әдістің өзіңіз үшін ең ыңғайлысын таңдаңыз.

1. 1414 нөмірі бойынша. Қалалық немесе ұялы телефоннан 1414 нөмірін теріп, «3» санын басыңыз (КЕАҚ/ХҚО операторы). Қосылғаннан кейін оператор бронь жасайды.

2. Электронды үкімет порталы арқылы egov.kz (ЭЦҚ болған жағдайда). Порталда авторлану, басты беттің оң жақ бұрышындағы «баруды брондау» батырмасын басу, сізге қажет ХҚО-ны таңдау және ЖСН енгізу қажет. Содан кейін қажетті қызметті, бару күні мен уақытты таңдаңыз.

3. Телеграм-бот EgovKzBot2.0 қосымшасы арқылы ( мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет). Іздеу жолағында EgovKzBot2.0 ботын тауып, тізімнен «ХҚО-ға кезекті брондау» пәрменін таңдаңыз. Жүйе сізге мемлекеттік қызметтерді алуға ыңғайлы ХҚО-ны, аймақты, ауданды және бару мақсатын таңдауды ұсынады. Содан кейін кіру күні мен уақыты көрсетілген терезе пайда болады. Кезектің сәтті брондалғаны туралы SMS-хабарлама келеді.

4. egov mobile қосымшасы арқылы (мобильді азаматтар базасында тіркелген болу қажет)
Ең алдмен қосымшаны жүктеу, кейін авторлану және
«ХҚО-ға кезекті онлайн брондау» бөлімінде жеке деректерді толтыруыңыз керек. Көрсетілген нұсқаулықтар бойынша бағыттарды таңдап, кезекті брондаңыз.

Брондауыңызды растау үшін белгіленген уақыттан 20 минут бұрын келуге кеңес береміз.

Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласының бас санитарлық дәрігерінің шешімімен коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында халыққа қызмет көрсету орталықтары дүйсенбі-жұма аралығында қысқартылған кесте бойынша сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді.

Сонымен қатар халыққа қызмет көрсету орталығына кезекті алдын-ала брондау арқылы ғана қызмет көрсетіледі.