Шымкенттік спортшы көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды

42

Шымкенттік спортшы Эльжана Таниева көркем гимнастикадан халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды. 4-6 сәуір күндері Софияда (Болгария) «Sofia Cup» халықаралық турнирі өтті.

Жарысқа 16 елден 50 үздік спортшы қатысты. Қазақстаннан екі спортшы бақ сынаған болатын. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Эльжана Таниева екі жаттығуда үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Таспа жаттығуы бойынша Эльжана Таниева финалда 20,55 ұпаймен, шығыршық бойынша 22,3 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Эльжана Таниева Шымкент қаласының № 9 көркем гимнастика спорт мектебінің шәкірті екенін айта кетейік.