Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарды онлайн қабылдады

38

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тұрғындарға арналған жеке онлайн қабылдауын өткізді. Қабылдауға жазылған 10 адамның көпшілігі өзінің жеке мәселерін айтып келген.

Соның бірі – Сарыағаш ауданының азаматшасы сот үкімімен баспанасыз қалғанын айтады. Аймақ басшысы болса, өтініш-шағымдарды тыңдап, мәселелер заң аясында қаралатынын жеткізді. Кей өтініштердің заңды негізі болмағандықтан, оған демеушілерді тартуға шақырды.

Өмірзақ ШӨКЕЕВ, Түркістан облысының әкімі: «Заң солай, тәртіп солай. Аудан әкімдері қараңыздар, жолдарын іздеңіздер. Мүмкін демеушілер арқылы көмек беру керек».

Аймақ басшысы қабылдауда болған түркістандықтардың ұсыныс-шағымдарын өздері тұратын ауданның жауапты тұлғаларына тапсырды. Айта кетейік, карантин режиміне байланысты облыс әкімі тұрғындарды тек онлайн форматта қабылдап келеді.

 Шынар Оразова