Коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар медициналық маска тағуға міндетті ме? Көптің көкейіндегі бұл сұраққа шымкенттік санитар дәрігерлер жауап берді.

Мамандар сөзінше, бетпердеден бас тартуға әлі ерте. Десе де екпе қабылдаған жандар вакцинаның әл-ауқатына байланысты қорғаныс құралынан құтылуы мүмкін. Бірақ, оған әлі де уақыт керек екен.

Алдарқұл АХМЕТОВ, Шымкент қаласы санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары: «Қазір бірден бетпердені тастауға болмайды. Біріншіден екпенің екінші компонентін де алу керек. Одан кейін ол екпенің организмде антителалар өніп соған дайын болуы керек. Соған алдағы уақытта бұл мәселе әлі қаралатын болады. Қазіргі таңда масканы тастауымызға болмайды».

Айта кетейік, ай басынан бері 38 мың шымкенттік вирусқа қарсы вакцина қабылдаған. Жалпы Шымкент бойынша 40 егу кабинеті жұмыс жасауда. Осылай деген мамандар соңғы күндері вакцина қабылдауға ниеттілердің артқанын айтады.

Назерке Үкібасова