«Жақсылық» челенджі: Кәсіпкер 500 отбасыға азық-түлік таратты

77

Шымкент әкімдігі ұйымдастырған челенджге қала кәсіпкерлері де жаппай ат салысуда. Қасиетті айда қайырымдылық жасап жарысып жатқан халық әлеуметтік әлсіз адамдарға едәуір көмек қолын созуға тырысуда.

Күні бүгін шаһардағы мешіттердің біріне азық-түлік салынған 500-ден астам қорап әкелінді. Оған кәсіпкер Гүлнар Әшірәлі демеушілік жасады. Арнайы қорапта күріш, май, шай және басқа да қажетті азық-түлік өнімдері салынған. Ораза кезіндегі игі тарту көмекке мұқтаж отбасыларға үлестірілді.

Гүлнар ӘШІРӘЛІ: «Биылғы ораза мерекесімен бәрін құттықтаймын. Әкімнің бастауымен бізде осындай челленджді қолдап жалғастыруға кірістік. 500 қорап азық-түлік дайындап 500 жанұяға. Ішінде май, күріш, жалпы керекті заттардың бәрін салып дайындадық»

 Мөлдір Ибадуллаева