Жұмысынан айрылуға байланысты жәрдемақыны қалай алуға болады?

177

 

Жұмысынан айрылған азаматтарға мемлекет жәрдемақы төлеп, қолдау жасайды. Бүгін біз сіздерге бұл жәрдемақыны қалай рәсімдеу керектігін айтып береміз.

Мұның 3 жолы бар:
• eGov.kz портал арқылы қызметтің атауы — «жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді тағайындау»;
• ХҚО арқылы;
• халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы.

Қажетті құжаттар:
— жеке куәлік;
— жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама;
— төлемдер аударылатын банк шотының нөмірі туралы құжат.

Жыл басынан бері Шымкенттік ХҚО арқылы 2091 жәрдемақы тағайындалды.
Анықтама: Қалалық ХҚО-ры алдын ала брондау бойынша жұмыс істейді. Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ, 9.00-18.00-ге дейін.