Бір тәулікте КВИ жұқтырған 102 жағдай тіркелді

103

 

Шымкент қаласында 14 мамыр күнге КВИ-дің 102 жағдайы тіркелді (белгілері бар – 67, белгілері жоқ – 35). Олардың ішінде 29 адам инфекциялық стационарға жатқызылса, 73 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар, төсек орын толымдығы 46%-ды құрайды, 756 төсек орын бос. Қаладағы инфекциялық стационарда 650 науқас емделуде (КВИ-320, пневмония- 325, ЖРВИ- 5), жансақтау бөлімінде – 41 (9 ИВЛ, 32- НИВЛ). Ал, жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 401 005, тәулігіне 2 708.

Бір тәулік ішінде қалада 4 269 адам вакцина алды
(I компонент-2 566, II компонент- 1 703). Егу науқаны басталғалы барлығы 159 703 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 64 124 адам вакцинаның екі компонентін алды.