Банкрот болған «Delta Bank» салымшыларына өтемақы төлеу мерзімі тағы бір жылға ұзартылды. Азаматтар қаржысын «Банк ЦентрКредит»
арқылы қайтара алады. Мерзімнің ұзартылуы бекер емес. Депозиттерге кепілдік беру қорының өкілдері салымшылар ақшасын шешіп алуға асықпайтынын айтады.
Үш жылда оларға 107 млн. теңге қайтарылған. Әрі тағы 100 миллион теңгеден астам ақша үлестірілуі тиіс. Еске салайық, «Delta Bank» 2017 жылы лизенциясынан айырылған еді.
Шынар Оразова