Өткен тәулікте 11 мыңнан астам адам вакцина салдырды

140

Өткен тәулікте қалада 11 218 адам вакцина алды: I компонент – 5983, II компонент – 5235. Егу науқаны басталғалы барлығы 130 140 адам вакцинацияланды.

4 мамыр күні КВИ-дің 80 жағдайы тіркелген. 28 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 52 адам үй бақылауына алынды. Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар. Төсек-орын толымдығы – 51 %, 683 төсек-орын бос.

Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуы бойынша 24 мобильдік топ жұмыс атқаруда. 4 мамыр күні 270 нысанға (266 кәсіпкерлік нысан, 4 жеке нысан) тексеру жүргізілді. Оның ішінде 8 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Қала тұрғындарын бетперделік режимді сақтап, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырамыз. Індетті жеңудің бірден-бір жолы – вакцина егу екенін айта кетейік.

QAINAR KÓZШымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі