Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, қайтыс болды

293

Шымкентте 17 жастағы жігіт аттракционнан құлап, қайтыс болды. Қайғылы оқиға «Қиял әлемі» техносаябағында орын алған.

Жас жігіт сол жерде, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Инсайдерлік ақпаратқа сәйкес, 17 жастағы марқұм орта мектепті бітіріп, паркте  жұмыс істеген. Бір сәтте ол металл құрылымға көтеріліп, құлап түскен. (мәліметтер нақтылануда).

Саябақ қазір жабық, анықтаушылар жұмыс істеп жатыр. Толығырақ ақпарат беріледі.