Саябақта теңдесі жоқ ойын аттракциондары орнатылуда

839

Бүгінде қала орталығындағы «Кең баба» саябағы келушілер үшін жартылай жабық тұр. Мұнда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аз уақыттан кейін әйгілі саябақ адам танымастай кейіпке енбек.

Жаңа аттракциондар орнатылуда. Оның кейбірі қаламыздағы ешбір саябақта жоқ. Яғни, теңдесі жоқ бірегей ойын алаңдары болмақ. Саябақты қайта жаңғырту екі жыл бойы жүргізілетін болады. Осы уақыт аралығында мұнда 25 түрлі ойын сауық аттракциондары орнатылады.

Оның ішінде «американдық таулар», лабиринт, «каноэ-ривер» де бар. Ойын аттракциондарының алғашқы легі наурыз мерекесінде келушілерді қуантпақ.

Бұрын да адам аяғы үзілмейтін саябаққа енді жаңа, қызықты ойын алаңдары үшін де ағылатын болады. Жаңарған, жаңғырған саябақ осылайша кішкентай бүлдіршіндердің сүйікті мекеніне айналмақ.