Úı ANONS Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны төмендеді

Шымкентте коронавирус жұқтырғандар саны төмендеді

 

Шымкент қаласында короновирус жұқтырғандар саны алдыңғы күнге қарағанда төмендеді. Өткен тәулікте 63 адамнан ауру белгілері табылған.
Оның ішінде белгілері бар — 41, белгілері жоқ — 22. Вирус жұқтырған 22 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 41 адам үй бақылауына алынды.

Бұдан басқа, қалада өткен бір тәулік ішінде 1 613 адам вакцина алды. Оның ішінде 803 азамат I компонентін алса, 810-ы II компонентін салдырған. Ал, егу науқаны басталғалы барлығы 172 986 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 79 357 адам вакцинаның екі компонентін алған.

Жалпы қалада жүргізілген зертханалық зерттеулер (ПТР) – 424 158, тәулігіне 2388. Қала аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 20 мобильдік топ 27 мамыр күні 218 нысанға тексеру жұмыстары жүргізіді. Олар 11 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығын анықтап, әкімшілік хаттама толтырды.