Шымкенттік теннисшілер жастар ойындарында бірінші орынға ие болды

65

Шымкенттік теннисшілер жастар ойындарында бірінші орынға ие болды. Оларды бір күн бұрын теміржол вокзалынан күтіп алды. Теннисшілер Қарағандыдан барлығы 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль әкелді. Марапат үшін күрес жеңіл болған жоқ.

Республикалық жастар ойындарының жеңімпаздарын жаттықтырушылар мен туыстары қарсы алды. Үстел теннисінің спортшылары Қарағандыдан оралды. Еліміздің ең мықты командаларын жеңген шымкенттіктер жеңіс тұғырынан көрінді.

Таңшолпан ШАПЕЙ, үстел теннисінің спортшысы: «Біздің жаттықтырушыларға, туыстарымызға бізді қолдағандардың барлығына рахмет. Біз чемпион болдық және бұл үшін біз өте қуаныштымыз».

Теннисшілер Қарағандыдан 2 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль алып келді. 16 жасар Сарвиноз Миркадирова Шымкент қаласының қоржынына 4 жүлде салды.

Сарвиноз МИРКАДИРОВА, үстел теннисінің спортшысы: «Менде 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль. Бірінші орын аламын деп ойладым. Бірақ күмән болды. Өйткені лайықты қарсыластар да болды. Алайда, бәрін басып оздым».

Жастар ойындары 4 жылда бір рет өткізіледі. Бесінші сайысқа Қазақстанның 14 облысынан 140-тан астам спортшы қатысты. Шымкенттің намысын 10 теннисші қорғады. Медаль үшін күрес өте тартысты өтті, алаң иелері финалға жолдама алу үшін соңғы күштерін салды.

Ердәулет ОРАЗБАЕВ, Үстел теннисінен аға жаттықтырушы: «Бұл бесінші жастар ойыны, алдыңғысын Қарағанды облысы ұтқан. Бірақ жалпы командалық бірінші орын соңғы матчтардың соңғы күнінде шешілді. Біздің спортшылар жеңіске жетті. Лайықты жеңіс. Федерация президенті Асқар Тұрысбековке және спорт басқармасының бастығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді».

Жалпы командалық есепте шымкенттіктер бірінші орынды жеңіп алды! Екінші орынды алаң қожайыны Қарағанды ​​облысының спортшылары еншіледі. Қола жүлде Батыс Қазақстан облысының теннисшілеріне бұйырды.