Шымкентте КВИ-дің таралу деңгейі төмендемей отыр. 13 мамырда қалада 125 жағдай тіркелді (белгілері бар — 81, белгілері жоқ — 44). 41 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 84 адам үй бақылауына алынды.
Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1 406 орын бар (қалалық инфекциялық орталық — 490, «Атамекен» клиникасы — 450, Орынбай ГБОО — 70 орын, №14 емдеу орталығы – 250, қалалық перинаталдық орталық – 30, №2 оңалту орталығы-100, қалалық клиникалық балалар ауруханасы-10, Шымкент жүрек орталығы-6), төсек орын толымдығы 45%-ды құрайды, 761 төсек орын бос.
Шымкент қаласында соңғы тәулікте 3 444 адам вакцина алды
(I компонент-2 224, II компонент- 1 220). Егу науқаны басталғалы барлығы 157 098 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 62 377 адам вакцинаның екі компонентін алған.
Елімізде вакцинациялауға жататын адамдардың 80 пайызына екпе салынса, яғни 18-ден асқан адамдар екпе алса, бұл оңтайлы деңгей КВИ церкуляциясын азайтып, қалыпты өмір жағдайын оралуға мүмкіндік береді – дейді мамандар. Сондықтан ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина салдыру аса маңызды.
Қаладағы барлық емханада коронавирусқа қарсы екпе салынып жатыр. Өзіңізбен жеке куәлігіңіз болса жеткілікті. Тегін, ерікті түрде салынады. Пандемияны жеңу әрбірімізге байланысты екенін ұмытпайық.