16 мың адам зейнетақысының бір бөлігімен ипотекасын толық жапты

96

Қазақстанда 16 мың адам зейнетақының бір бөлігін пайдаланып, ипотекалық қарызын толық өтеді.

Олардың алған несиесі 62 млрд. 41 млн. теңгеге жеткен еді. Тағы 47 мыңнан аса адамның баспана алу үшін банк алдында 144 млрд. теңгеден аса қарызы бар. Олар да зейнетақы қаражатын ипотекалық қарыздың бір бөлігін жабу үшін алды.

Ал бастапқы жарна үшін 9 мыңға жуық тұрғын 150 млрд. теңгеден асатын біржолғы зейнетақы төлемін пайдаланып отыр.

Шынар Оразова