ІІМ полицейлердің жаңа формасын көрсетті

54

Ішкі істер министрлігі полицейлердің жаңа үлгідегі формасын көрсетті. Полиция қызметкерлері үшін барынша ыңғайлы киім жасауға баса назар аудардық деген министрлік түрлі климаттық жағдайда қызмет ететін қызметкерлердің тілектерін ескеріп, әлемдік тәжірибені зерттегендерін айтады.

Нәтижесінде полицейлердің аяқ киімі алғаш рет өзгеріске ұшырап отырғанын алға тартты. Кроссовка түрінде ұсынылған тактикалық аяқ киім аяққа ыңғайлы, аяқты жарақаттанудан, сырғанаудан қорғайды екен.

Сондай-ақ, формадағы металдар, тоқыма бұйымдарымен ауыстырылып, ондағы жиектің түсі де қызылдан көкшіл түске алмасады. Жаңа форманы енгізу қосымша қаржыландыруды қажет етпейді дейді жауаптылар.

Оған ауысу ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде және ескі форманың тозуына қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

 Мөлдір Ибадуллаева