Кентауда баланы қағып кету жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

439

24.06.2021 жылы Кентау ҚПБ кезекші бөліміне Б.Момышұлы көшесіндегі жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама келіп түсті. Жол-көлік оқиғасы болған жерге қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден шықты.

«ВАЗ «автокөлігінің жүргізушісі жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен жас жаяу жүргіншіні қағып кеткені анықталды. Нәтижесінде бала алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 345-бабы «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатта. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданатын болады. Бүгінде анықтаушылар оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жолдарда абай болу және жол жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді.

QAINAR KÓZТО ПД-нің баспасөз қызметі