Квартирник – шымкенттік әуесқой музыканттар алаңы

34

Музыка әуесқойлары Квартирникте бас қосты. Квартирник – «U:projects» жобасының бір бөлігі. Оның басты мақсаты – жастарды дамыту, олардың қызығушылықтары мен ой-өрісін кеңейту. Ондағы әуезді кештің қалай өткендігі жайлы тілшіміз баяндайды.

Мынау шағын ғана сахнада жастардың таланттары ашылып, армандар орындалады. Бұл жерде музыка әлеміне жаңадан қадам басқан әуесқойлар махаббат, шындық, ар-ождан сынды түрлі тақырыптардағы әндерді шырқайды. Олар көбінде танымал әндерге өздері әуен жазып, каверлер орындайды.

Дильназ Серікті музыкаға деген сүйіспеншілікке атасы баулыған. Бойжеткен гитарада ойнайды, оған қоса сурет салатын өнері де бар. Дегенмен мұның бәрі Дильназдың хоббиі, жеке қызығушылығы ғана екен. Ол болашақ мамандығы туралы шешім қабылдап үлгерген. Талантты жас шет тілдерінің мұғалімі болуды армандайды. Ал ән айтуды жаны сүйеді. Оған арналған мынау қошеметтерден-ақ дауыс ырғағының бағасын білсек болады.

Шымкенттік Квартирникке танымал музыканттар, рок-поп және халық орындаушылары да келіп тұрады. Кейде «джемдер» ұйымдастырылады. Яғни бірнеше музыкант белгілі бір музыкалық тақырыпты импровизациялайды. Ал «еркін микрофонда» кез-келген орындаушы ән айтып, қалаған шығармаларын оқи алады.