Өмірзақ Шөкеев: «Таңғы сағат 5-те тұру керек»

83

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардың экологиялық ахуалына алаңдаулы. Тамырынан нәр алмайтын қураған ағаштың көбеюінен қауіптенген өңір басшысы апталық аппарат отырысында жауаптылар жұмысын қатаң сынға алды.

Сондай-ақ, 55 саябақ пен гүлзары бар облыс орталығында бұл мәселенің маңызы назардан тыс қалмау керек екенін алға тартты. Жауаптылар таңмен таласа оянып, қызу тіршілікке ерте кірісу қажет деді.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі: «Таңғы сағат 5-те тұру керек. Жұмыс киімін киіп алып, барлық нысандарды аралап жүру керек. Аудандар әрқайсысы өзінің секторына жауап берсін. Көшетті отырғызғаннан бастап әр талдың түбін қопсыту, оны суару керек. Шөлдеп тұрған тал бірден көрінеді ғой. Каналдан суды бұрып, алып келу қажет болса, оны жасаңдар. Ешкім жоқ демейді. Резервуар керек пе, насос керек пе, суды жеткізу керек. Каналдар не үшін керек, суарылмаса?».

Айта кетейік, жыл басынан бері түркістандық 500-ге жуық отбасы қоныс тойын тойлады. Оның ішінде кезекке тұрған азаматтарға 252 пәтер, несиемен 204 пәтер берілді. Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың айтуынша, жыл соңына дейін 76 тұрғын үй жоспарға сәйкес, ай сайын қабылдаудан өткізіліп отырады.

 Мөлдір Ибадуллаева