Қазақстанда такси қызметі қымбаттап барады

255

Қазақстанда такси қызметі қымбаттап барады. Статистика бойынша өткен жылы бұл көлік қызметінің тарифі орта есеппен 6,8%-ға көтерілген. Биылғы жыл басталғалы бері өсім жалғасуда.

Қазақстандықтар осы саланың толығымен заңдастырылғанын қалайды. «Егер еліміздегі әрбір таксист салық органында кәсіпкерлігін рәсімдеп, тиісті салықтарды төлесе, ал салонында есептегіш тұрса, тарифі ресми бекітілсе, ешкім де оларға қарсы бір сөз айтпас еді. Бүгінде ішкі нарыққа Қытайдың DiDi сервисі де кіруде. «Біздің елімізде ІnDriver сияқты сервистерді пайдаланушылар қатары көбейіп, еліміздің біраз қаражаты өзге елдерге кетіп жатыр. Таксишілер бұл халықаралық сервистерге өз табыстарының бір бөлігін береді. Бұл мәселе мемлекеттік деңгейде реттелгені жөн»,- дейді азаматтар.

Шынар Оразова